Шетел жаңалықтары

ПСЖ футболшылары тамақтан уланды

ПСЖ футболшыларында вирустық инфекция белгілері анықталды.

Бұл туралы RMC Sport хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, 11 ақпанда таңертең париждіктердің негізгі құрамындағы бірнеше ойыншыға ішек ауруы диагнозы қойылған. Вирустың белгілері: құсу, іштің ауыруы және шаршау. ПСЖ бас жаттықтырушысы Кристоф Галтиер құрамға бірқатар өзгеріс енгізуі мүмкін екендігі атап өтілді.

ПСЖ бүгін, 11 ақпанда, жергілікті чемпионат аясында «Монакомен» ойнайды. Матч елорда уақытымен сағат 22:00-де басталады деп жоспарланған. Әртүрлі жарақаттарға байланысты ПСЖ көшбасшылары Лионель Месси мен Килиан Мбаппе алаңға шыға алмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button