Шетел жаңалықтары

Жылдың үздік футболшысы атағына үміткерлердің тізімі жарияланды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылдың үздік ойыншысы сыйлығына үміткерлердің үштігін атады.

The Best сыйлығына ПСЖ-ның екі шабуылшысы Лионель Месси (Аргентина) және Килиан Мбаппе (Франция) үміткер. Бұл қатарда «Реал Мадридтің» жұлдызы француз Карим Бензема да бар.

Жеңімпаз 2023 жылдың 27 ақпанында Парижде өтетін салтанатты іс-шарада анықталады.

The Best FIFA Football Awards – FIFA ұйымы 2016 жылдан бері жыл сайын өткізетін марапаттау рәсімі.

Биыл 2021/22 маусымының басынан бастап 2022 жылғы әлем чемпионатының аяқталуына дейінгі кезең ескеріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button