Баскетбол

«Астана» БК – Қазақстан кубогының иегері

Атырауда ерлер командалары арасында баскетболдан Қазақстан кубогы аяқталды.

Жүлде үшін тартыста «Астана» мен алматылық «Ирбис» кездесті. Бірінші кезеңде тең түскен астаналықтар екінші және үшінші ширектерде қызу ойнап, тиісінше «+9» және «+11» басымдылығымен жеңіске жетіп, қорытынды табыстың негізін қалады – 65:54 .

Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы 20 ұпай жинаған «Астананың» қорғаушысы Олег Балашов болды. Ирбистің орталығы Роберт Пан дабл-дабль жасай алды – 13 ұпай және 16 доп.

«Астана» (Астана) – «Ирбис» (Алматы) 65:54 (15:15, 20:11, 18:7, 12:21)

Басқа жаңалықтар

Back to top button