Басты

Бүгін Әмин Тұяқовтың туған күні

Әмин Елемесұлы Тұяқов 1937 жылы 12 ақпанда қазіргі Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Бүгін өзінің туған күнін атақты жеңіл атлет, Қазақстан Республикасының құрметті спорт ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Әмин Елемесұлы Тұяқов атап өтуде.

Әмин Елемесұлы Тұяқов 1937 жылы 12 ақпанда қазіргі Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр ауылында дүниеге келген.

00, 200, 400 метрге жүгіруден Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған. 1960 жылы Одессада өткен Бүкілодақтық «Буревестник» ерікті спорт қоғамының жеңімпазы атанады. Осы жетістігінің арқасында КСРО спорт шебері (100 м – 10,4 секунд) нормасын орындап қана қоймай, Кеңес Одағының құрама командасына мүше болып қабылданады.
Әмин Елемесұлы 1960 жылдан 1968 жылдың аяғына дейін КСРО құрама командасының сапында тек Кеңес Одағының ғана емес, қазақ халқының да даңқын аспандата түскен. Әмин Тұяқовқа 1963-1967 жылдар аралығында 200 метрге жүгіруден тең келер ешкім болмады.

Ә.Тұяқов 31 жасында үлкен спортпен қоштасқанға дейінгі аралықта 100 метр, 200 метр қашықтыққа жүгіруден және 100х4, 200х4 эстафетаға жүгіруден 8 рет КСРО чемпионы атанып, 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие болды. Соңғы рет 30 жасында, 1967 жылы КСРО халықтарының IV спартакиадасында 200 метрлік қашықтықта алтын, ал 100 метрге жүрігуден күміс медальдарды иеленді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button