Басты

Ольга Рыпакова спорттық мансабын аяқтады

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы әрі бірнеше дүркін жүлдегері Ольга Рыпакова кәсіби мансабын ресми аяқтады.

Ол бұл туралы жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия чемпионатында хабарлады.

«Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған сенімі үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын», – деді спортшы.

Салтанат соңында спортшы жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button