Басқа спорт түрлері

Зілзала кезінде Мұстафа Өзтүріктің Түркияда тұратын екі қарындасы қайтыс болды

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде таеквондодан 6 дан қара белбеу иегері Мұстафа Өзтүріктің қарындастары да қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Хатай провинциясының Дефне аймағында екі этникалық қазақтың үйінді астында қалғаны анықталған. Олар Түркияда туған қазақ, белгілі спортшы Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды.
Қандастарымыздың есімдері – Нұрай Қазақ және Бушра Қазақ. Спортшының анасы мен қызын туыстары Ыстамбұлдан алып шыққан.
Нұрай Қазақ 57 жаста болған. Ол Мұстафа Өзтүріктің бауыры Рустам Өзтүріктің қызы. Қандасымыз ұзақ уақыт бойы Йордания елінде тұрып, Хатай провинциясына қоныс аударған екен. Нұрайдың қызы 31 жаста болған. Зілзаладан қайтыс болған марқұмдардың денесі Ыстамбұлда жерленеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button