Теннис

Денис Евсеев Франциядағы турнирдің іріктеуінен сәтті өтті

Қазақстандық Денис Евсеев Шербур (Франция) челленджер жарысының іріктеу сайыстарынан сәтті өтті.

Әлемнің 307-ракеткасы Денис іріктеу сайысында алдымен франциялық Константин Биттунды 6:3, 7:6 (7:4) есебімен ұтты.

Іріктеу сайыстарының финалында Евсеев тағы бір қазақстандық, рейтингте 312-орында тұрған Бейбіт Жұқаевпен шеберлік байқасты.

Аса тартысты өткен матчта Евсеев 6:7 (4:7), 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button