Шетел жаңалықтары

Неймар ПСЖ-да қала ма?

Бразилиялық шабуылшы Неймардың ПСЖ-дан кету туралы ойы жоқ.

RMC Sport футболшының өзі мұндай әрекетке өз еркімен бармайтынын алға тартады.

Бұған дейін клуб футболшыны сатуы мүмкін деген  ақпарат тараған. Бірақ бразилиялықтың кетуге ниеті жоқ. Керісінше,  алдағы Чемпиондар лигасының матчтарына тыңғылықты дайындық жүргізіп жатыр.

Ойыншының командаға қатысты көзқарасы өзін трансферге қойған жағдайда ғана өзгеруі мүмкін.

Неймар «Алтын доп-2023» үміткерлерінің бірі екенін еске салайық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button