Шетел жаңалықтары

ПСЖ футболшысы ЧЛ тарихында қалды

Өкінішке қарай, ПСЖ бұл ойында жеңіліс тапты

«Пари Сен-Жерменнің» жартылай қорғаушысы Уоррен Заир-Эмери Чемпиондар лигасының плей-оффтағы бастапқы кезеңінде (16 жас және 343 күн) ең жас ойыншы болды, деп хабарлайды Opta Sports.

Лионель Месси мен Серхио Рамос ЧЛ-дегі дебютін Заир-Эмери туғанға дейін жасады. Сонымен қатар Рамос Заир-Эмеридің туған күнінде (2006 ж. 8 наурыз) ЧЛ-ның 1/8 финалында «Реал» сапында «Арсеналға» қарсы ойнады.

Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалдың бірінші матчында ПСЖ өз алаңында Мюнхеннің «Бавариясынан» жеңілді (0:1). Командалардың қарымта ойыны 8 наурызда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button