Шетел жаңалықтары

ФИФА президенті Катардағы әлем чемпионаты үшін рекордтық көрсеткіште сыйақы алады

ФИФА президенті 2018 жылы Ресейдегі әлем кубогы үшін 840 мың еуро алған.

ФИФА президенті Джанни Инфантино базалық жалақы мен бонустарды қоса есептегенде өткен жылы 3,62 миллион еуро табыс тапты. Бұл туралы L’Equipe басылымы хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, жыл сайынғы есеп бойынша, Инфантино 2023 жылы Катарда әлем чемпионатын өткізгені үшін сыйлық ретінде тағы 1,66 миллион еуро алады.

Бір қызығы, төрт жыл бұрын ФИФА президенті Ресейдегі әлем кубогы үшін 840 мың еуро алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button