Басқа спорт түрлері

Елена Тё спорт пен саясатты қатар алып жүрмекші

Алматы қалалық спорт басқармасына қарасты спорт нысандарын басқару дирекциясына жақында Елена Тё басшы болып тағайындалды.

Елена Тё – Алматының тумасы. Ол Спорт нысандарын басқару дирекциясының басшылығынан бөлек, «Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің даму жөніндегі директоры қызметінде атқарады. Енді саясатқа да араласып көрмек. Жақында Алматы қалалық мәслихатының депутаттығына AMANAT партиясынан үміткер ретінде тіркелді. Спорт пен қоғамдық жұмысты қатар алып жүрген белсенді азаматпен сұхбаттасқан едік.

– Елена ханым, неліктен саяси процеске араласуға шешім қабылдадыңыз?

– Жұмыс жеткілікті, бірақ уақыт өте келе белгілі бір таным түйсігі бар адам болғандықтан қоғамдағы күрмеленіп қалған мәселелерді шешу үшін саяси процеске де араласу керектігін түсіндім. Спорт саласында айтарлықтай тәжірибе жинақтақтадым. Бірақ мұнымен шектеліп қалуға болмайды. Спорт пен дене шынықтыру ежелден белгілі бір философия мен өмір салтына теңестірілген. Яғни адамдардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығына, еліміздің адами капиталына қамқорлық ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның әлеуметтік сипаттағы саясатына да  қуатты құрал болып табылады.

Менің ойымша, балалар мен жасөспірімдер спорты мұқият назар аударуды және қолдауды қажет ететін ең басым бағыттардың бірі болып табылады. Спорт пен спорт инфрақұрылымын денсаулық пен әл-ауқат секторы ретінде дамытудың әлеуметтік маңыздылығын түсіне отырып, мен өз құзыреттерімді іске асырғым келеді. Бұл жағынан өзімді сауатты және еркін сезінемін.

Күш-қуатымыз тасып тұр. Әрдайым қоршаған әлемді жақсартуға ықпал ететін жаңа нәрсені үйренуге қызығушылық таныттым. Сондықтан тағы бір қадам жасап көрмекшімін.

Жақында Алматы қалалық спорт басқармасына қарасты спорт нысандарын басқару дирекциясына басшы болып тағайындалдым. Мегаполистің спорттық имиджін ұнататын тұрғындар спорттық инфрақұрылымның жетілмегендігі туралы көптеген ескертулер айтты. Егер өзіммен пікірлес азаматтармен бірге қала тұрғындарының тілектерін қанағаттандыра алсам, онда олардың сенімін ақтаған болар едім. Сол үшін спорттық инфрақұрылымдарды жақсартып, жаңа заманға сай ету қажет. Оның үстіне, тұрғындарға қолжетімді болуы керек.

– Amanat партиясының съезіне қатысқан кезде депутаттық цех бойынша болашақ әріптестеріңізбен де танысқан боларсыз..

– Съезде әр түрлі саланың мамандарынан жинақталған партия делегаттарымен таныстым. Техникалық және шығармашылық интеллигенция, кәсіпкерлер де бар. Олардың барлығы өз саласының мамандары. Бізді қоғамның проблемаларын түсінуге кәсіби дайындық біріктіретінін байқадым. Әрқайсымыздың өзіндік ерекшелігіміз бар. Біраққоғамның алдында тұрған міндеттерді бірлесіп шешуіміз керек. Мақсатым депутат болып, атақ-даңққа бөлену емес. Дегенмен, белгілі бір трансформация қажет. Бұл мен үшін жаңа челендж деп айтуға болады. Алматының тумасы және спорт саласының маманы ретінде еліміздің және Алматының спорттық өміріндегі ахуалды өзгертуге, сүйікті қаламыздың жан-жақты дамуына белсенді қатысуға қабілетті бірқатар жобаларға бастамашы болғым келеді.

– Сонда алдыңызға қандай мақсат қойып отырсыз?

– Егер спорттық инфрақұрылым туралы айтатын болсақ, онда мен екі негізгі бағыт бар. Мұнда қазіргі қолданыстағы спорт нысандары және болашақта салынатын кешендер. Мұнда объектінің қол жетімділігі мен жабдықталуынан және стандарттарға сәйкестігінен, қызмет көрсету сапасы мен басқару тиімділігінен бастап бәрі маңызды. Әуесқой, кәсіпқой және салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың тілегін қанағаттандыра алатын спорттық инфрақұрылым құруға болады.

Қазір біздің қарамағымызда Алматының көрнекті спорт нысандары бар.  Атап айтсақғ «Медеу» биік таулы мұз айдыны, Орталық стадион, «Сұңқар» шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені және Атлетикалық ауылдың әкімшілік үй-жайлары.

«Медеуді» өздеріңіз жақсы білесіздер. Былтыр 50 жылдығын атап өттік. Қаншама рекордтар тіркелген тарихы бар. Осындай жерлердің жаңа тынысын ашып, әріқарай дамытқым келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button