Теннис

Ракетка сындырып жүрген Бублик он жеңілістен кейін есін жиды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің екінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 67-ракеткасы, сербиялық Филип Краиновичпен кездесті.

Осыған дейін А.Бублик өткен жылдың қазан айынан бері түрлі жарыста он рет қатарынан жеңіліс тапқан еді.

Бұл жолы бірінші партияда сербиялық теннисші сәттірек ойнады – 7:5.

Есесіне екіншісінде брейк жасаған А.Бублик қарымта қайырды – 6:3.

Енді ол  ширек финалға шығу үшін әлемнің 48-ракеткасы, швейцариялық Марк-Андреа Хуслер немесе рейтингте 58-орындағы франциялық Грегуар Баррердің біреуімен таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button