Шетел жаңалықтары

Тарихтағы ең төмен нәтиже: «Челси» бапкерінің антирекорды

Клуб чемпионаттың соңғы 14 матчында тек екі рет жеңіске жетті.

Ағылшын маманы Грэм Поттер Премьер-лига тарихында «Челсидің» ең нашар жаттықтырушысы деп танылды.

Сенбіде Поттердің басшылығымен «Челси» Премьер-лиганың аутсайдері «Саутгемптоннан» жеңіліп қалды. Бұл Грэм Поттердің 17 ойындағы алтыншы жеңілісі. Осы матчтардың тек бесеуінде ғана жеңіске жетті. Клуб чемпионаттың соңғы 14 матчында тек екі рет жеңіске жетті.

The Sun жазғандай, оның жеңіске жету көрсеткіші небәрі 29,4 пайыз, бұл «ақсүйектердің» жаттықтырушыларының арасындағы ең төмен нәтиже.

Басқа жаңалықтар

Back to top button