Теннис

Елена Рыбакина екінші қарсыласын да оңай жеңді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті.

Ол екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездескен. Қорытынды есеп – 7:5, 6:2.

Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен таласады. Ол екінші айналымда рейтингте 43-орында тұрған Беларусь өкілі Александра Сасновичті тізе бүктірді – 6:0, 6:4.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 46-сатыдағы Юлия Путинцева Дубайда екінші айналымда әлемнің 15-інші, осы жарыстың 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен кездесіп, 4:6, 4:6 есебімен жол берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button