Шетел жаңалықтары

Әлемдегі ең қауіпті футболшының есімі аталды

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти команданың шабуылшысы Винисиус Жуниорға қатысты ойын айтты.

Бразилиялық футболшы Чемпиондар лигасы 1\8 финалындағы «Ливерпульмен» матчта екі гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

«Қазіргі таңда Винисиус Жуниор әлемдегі ең қауіпті футболшы деген ойдамын. Ол матч немен бітетінін шешетін ойыншы», – деп атап өтті бапкер.

Ескес алайық, «Ливерпуль» 14-минутта 2:0 есебімен алда болған, алайда «Реал» ойын барысын бұрып, 5:2 есебімен жеңіске жетті.

«Реал» мен «Ливерпуль» арасындағы қарымта матч 15 наурыз Мадридтегі «Сантьягу Бернабнеу» стадионында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button