Шетел жаңалықтары

Месси «Барселонаға» оралмақ. Әкесі келіссөз жүргізіп жатыр

2021 жылдан бері ПСЖ-да өнер көрсетіп жүрген Лионель Месси «Барселонаға» осы жазда оралуы мүмкін.

Журналист Жерар Ромероның сөзінше, Мессидің өзі де, әкесі де оның каталониялық клубқа оралу жолдарын қарастырып жүр. Хорхе Месси қазіргі таңда клуб басшысы Жоан Лапортамен келіссөз жүргізіп жатыр, ал Лионель команда бапкері Хавимен байланыста екен.

«Месси оралады деп нақты айтпай-ақ қояйын, бірақ тараптар жақындасып қалды. Ешкім сенбеген мүмкіндік жүзеге асып жатқандай. Хави мен Лео үнемі байланыс ұстап отыр», – дейді Ромеро.

Бірақ бірнеше күн ғана бұрын Мессидің әкесі басқаша айтқан болатын: «Лео «Барсаға» оралады деп ойламаймын. Ұсыныс пен жағдай жоқ».

Басқа жаңалықтар

Back to top button