Теннис

Александр Бублик Марсель турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 58-ракеткасы франциялық Грегуар Баррермен шеберлік байқасты.

Жуырда Монпелье жарысында Бублик дәл осы Г.Баррерден тартысты матчта 4:6, 7:6 (14:12), 6:7 (3:7) есебімен ұтылып қалған еді. Бұл жолы қазақстандық спортшы 6:4, 6:2 есебімен есе қайырды.

Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы болгариялық Григор Димитров немесе рейтингте 116-орында тұрған нидерландтық Гийс Брувердің біреуімен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button