Хоккей

«Барыс» тағы жеңілді

Астананың "Барыс" клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын "Сібірмен" өткізіп, жеңіліп қалды.

Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер белсенді қимыл көрсетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде Денис Голубев 2, 17, Тревор Мёрфи 16, Владимир Бутузов 53-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Оған «Барыс» сапынан Никита Михайлис 29, Егор Петухов 39-минутта екі шайбамен жауап қайырды.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 24 ақпанда елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді.

«Сібір» (Новосибирск, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 4:2 (3:0, 0:2, 1:0)

Шайбалар; 1:0 — 02:14 Голубев (Пастухов)

2:0 — 16:02 Мёрфи (Пьянов, Аланов)

3:0 — 16:37 Голубев (Овчинников)

3:1 — 29:14 Михайлис (Бекетаев, Борисевич)

3:2 — 39:45 Петухов

4:2 – 53:03 Бутузов (Шаров, Чайковски)

Қақпашылар: Красоткин — Бояркин Штраф: 8:4 (4:2, 4:0, 0:2).

Басқа жаңалықтар

Back to top button