Хоккей

Бүгін “Барыс” маусымдағы соңғы ойынын өткізеді

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында “Барыс” өз айдынында “Локомотивті” қабылдайды.

Матч елорда уақытымен 19:30-да басталады.

Екі команда бұған дейін 26 мәрте кездескен.

Оның 9-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде алпыс жеті ойыннан кейін 61 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 20-орында келеді.

Ал алпыс жеті ойыннан кейін 90 ұпай жинаған «Сибирь» 3-орынға жайғасқан.

Аталған ойыннан кейін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты кезеңі мәресіне жетіп, плей-офф сатысы басталады. «Барыс» қазір турнир кестесінде 20-орынды місе тұтып, жарыстың аталған сатысына шығудан тыс қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button