Қысқы спорт

«Азия балалары» ойындарына шорт-тректен екі медаль түсті

Ресейдің Кемерово қаласында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан «Азия балалары» ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер эстафетада 2 жүлде алды.

Құрамында Мәлика Жолтабар, Айсара Лабиб (екеуі де – БҚО), Нұрия Алпысбай, Айзада Алтынбек (екеуі де – Астана), София Симакова (Рудный) бар қыздар командасы 3 мың метрлік эстафетада қола жүлдеге ие болды.

Ал дәл осы қашықтықта қатысқан ұлдар екінші орынға ие тұрақтады. Құрама сапында Мейіржан Төлеген, Әліби Әлімгереев, Ерасыл Шыңғысхан, Санжар Бекежан, Мадияр Мадихов (бәрі де – Батыс Қазақстан облысынан) өнер көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button