Теннис

Бубликтің қарсыласы екінші сет ойнаудан бас тартты

Ерлер арасында теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласындағы турнирдің алғашқы айналымын сәтті өткізді.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 301-орында тұрған болгариялық Александр Лазаровпен өткізді.

Бірінші партияда А.Бублик айқын басымдылық танытты – 6:1.

Екінші сетте есеп 0:1 болған мезетте болгариялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Жарты сағатқа жуық уақытқа созылған матчта А.Бублик 3 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланып үлгерді.

А.Бублик екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен шеберлік байқасады. Ол рейтингте 111-орындағы италиялық Маттео Арнальдидді жолдан тайдырды – 6:4, 6:2.

Дубай додасы 4 наурызда мәресіне жетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button