Қысқы спорт

«Азия балалары»: конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды

Қазір Қазақстан 2 алтын, 5 күміс жəне 5 қола медальмен жалпы есепте 5-орында тұр

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы командалық спринтте «Азия балалары» ІІ қысқы ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Денис Мезенцев, Михаил Бровко, Михаил Матрюхин қашықтықты 1:36.75 секундта бағындырды.

Бұл сында Сібір федерералды округының құрамасы чемпион атанды. Үздік үштікті Беларусь түйіндеді.

Қазір Қазақстан 2 алтын, 5 күміс жəне 5 қола медальмен жалпы есепте 5-орында тұр.

Айта кетейік, Кузбасс аймағындағы қысқы ойындары ертең аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button