БастыФутбол

ҚПЛ. Бірінші турдың нәтижелері қандай?

Елде жаңа футбол маусымы басталды. Сенбі-жексенбі күні Қазақстан премьер-лигасының алғашқы туры өтті.  Фаворит саналған командалардың көбісі жеңіске жетті. Сонымен бірінші турға аз-кем тоқталып өтсек.

Премьер-лиганың шымылдығы Шымкентте түрілді. Жергілікті «Ордабасы» Ақтаудан келген «Каспий» клубын қабылдады. Алаң иелері қысқы үзілісте 70 пайызға жаңарған. Көбісі, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары. Одан бөлек, легионерлері бар. Ал «Каспий» бас бапкерін ауыстырды. Бір кездері «Қайраттың» тізгінін ұстаған Кахабер Цхададзге келген. Сондықтан жанкүйерлер қызықты матч күтті.

Стадионға келген және экран алдында отырғандардың қуанышына орай, төрт бірдей гол соғылды. Допингке байланысты екіі жыл доп теппеген Бауыржан Исламхан айып тепкісінен есеп ашты. Екінші таймда «Ордабасыны» капитан ретінде бастап шыққан Асхат Тағыберген де айып соққысын орындаудың шебері екенін көрсете білді. Одан кейін былтыр Беларусь чемпионатында сұрмерген болған, өзбекстандық Бобыр Абдихоликов мергендік танытты. Қонақтар тек 70-минутта Георгий Панцулаядың арқасында есеп айырмасын бір допқа қысқартты. Одан әріге шамалары жеткен жоқ. Қорытынды есеп – 3:1.

Талдықорғанның «Жетісу» клубы өз алаңындағы ойынын Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында өткізді. Алмас Құлшынбаев шәкірттері премьер-лиганың өткен маусымдағы күміс жүлдегері «Ақтөбені» қабылдады. Бұл кездесудің тағдырын «Ақтөбе» футболының түлегі Максим Самородовтың жеке шеберлігі шешті.

«Тобыл» мен «Ақсу», «Астана» мен «Шахтер» арасындағы кездесулерде алаң иелері аса қиналмай жеңіске жетті.

Шымкентте бірінші лига чемпиондары «Оқжетпеспен» жолыққан «Мақтаарал» күтпеген жерден ұтылып қалды. Джуниор Кабананга сияқты шабуылшыларды қатарына қосқан Түркістан облысының командасынан жанкүйерлер көп үміт күткен. Бірақ сенім ақталмады. Шоқан Абзалов соққан гол «Оқжетпеске» үш ұпай сыйлады.

Алматының «Қайраты» өз алаңында «Атыраумен» кездескен. Матч 22-минутта 2:0-ге жетті. Бірақ Кирилл Кеккер шәкірттері бұл басымдықты соңына дейін ұстап тұра алмады. Қонақтар Екінші таймның орта тұсына дейін таразы басын теңестіріп үлгерді. Сонымен ойын аяқталды. Қорытынды емсеп – 2:2.

Премьер-лига, 1-турдың нәтижелері:

«Ордабасы» (Шымкент) – «Каспий» (Ақтау) – 3:1

Голдар: Исламхан 16 (1:0), Тагыберген 49 (2:0), Абдихоликов 65 (3:0), Панцулая 70 (3:1)

«Жетісу» (Талдықорған) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 0:1

Гол: Самородов, 83 (0:1)«Тобыл» (Қостанай)  «Аксу» (Павлодар) 3:1

Голдар: Вукадинович, 9 (1:0)., Чесноков, 59 (2:0). Сильва, 66 (2:1). Дебле, 90+1

(3:1).

«Астана» (Астана) «Шахтер» (Қарағанды) 2:1

Голдар: Прокопенко, 3 (1:0). Дарбо, 22 (2:0). Флюк, 33 (2:1).

«Мақтаарал» (Түркістан облысы) «Окжетпес» (Көкшетау) 0:1

Гол: Абзалов, 29 (0:1).

«Кайрат» (Алматы) «Атырау» (Атырау) 2:2

Голдар: Әліқұлов, 17 (1:0). Шушеначев ,22 (2:0). Имери, 36 (2:1).Козлов, 66 (2:2).

 «Қайсар» (Қызылорда) «Қызыл-Жар» (Петропавл) 0:1

Гол: Сабино, 19 (0:1).

Арман Амангелді

Басқа жаңалықтар

Back to top button