Шетел жаңалықтары

Роналду Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

38 жастағы форвард апаттан зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек жіберді.

Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Аль Наср» клубының футболшысы Криштиану Роналду ақпан айында Түркияның оңтүстікшығысында болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетті.

38 жастағы форвард апаттан зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек жіберді. Оның шатырлар, азық-түлік, көрпе-жастық, кереуеттер, балалар тағамдары, сүт пен дәрі-дәрмек бар.

Жұма күні португалиялық Сириядан келген баламен кездестіп, ол жер сілкінісінен кейін Сауд Арабиясының құтқарушыларына Роналдуды көргісі келетінін айтқан.

Айта кетейік, 6 ақпан күні болған зілзаладан Түркия мен Сирияда 46 мыңға жуық адам көз жұмды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button