Басты

Эльжана Таниева – қола жүлдегер

Қазақстандық Эльжана Таниева Испанияның Марбела қаласында көркем гимнастикадан өткен Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазақстандық гимнаст доппен жаттығуда 32,900 ұпай жинап, үздік үштікке енген.

Бұл жаттығуда болгариялық спортшылар көш бастады: Стиляна Николова чемпион атанса, Ева Брезалиева күміс жүлдеге ие болды. Эльжана Таниеваға қола медаль бұйырды.

Биыл ақпанда Эстонияда өткен Гран-при турнирінде Эльжана Таниева күміс жүлдегер атанған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button