Басты

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасты. Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде испаниялық спортшы жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы Рыбакина 6:3, 7:5 есебімен есе қайтарды.

Елена Рыбакина жалпы жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс жарысының ширек финалына шығу үшін ресейліктер, әлемнің 8-ракеткасы Дарья Касаткина немесе рейтингте 66-сатыдағы Варвара Грачеваның біреуімен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button