Шетел жаңалықтары

Эрлинг Холандтың рекордтар күні

Эрлинг Холанд бір түнде «Манчестер Ситидің» осы маусымдағы үздік сұрмергені атанды, деп хабарлайды BBC.

22 жастағы норвегиялық футболшы Чемпиондар лигасының 1/8 финалында пента-трик авторы атанды. «Лейпцигпен» өткен бұл ойын қарымта матч болатын.

Осылайша ол Чемпиондар лигасының бұл маусымында 8 гол салған Мохамед Салахты басып озып, сұрмергендер көшін бастады. Себебі норвегиялықтың еншісінде 10 гол бар.

Жалпы, Холанд былтыр «Ситиге» ауысқалы бері 36 ойында 39 гол соқты. Бұл норвегиялық футболшыға ғасырға жуық уақыт бұрын орнатылған рекордты қайталуға жаңартуға мүмкіндік берген. 1928/29 маусымда Томми Джонсон «қалалықтар» сапында 38 гол соққан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button