Теннис

Теннистен Польшамен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Польшамен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.

Ярослава Шведова бастаған бапкерлер штабы әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина бастаған ойыншыларды таңдап алды.

Қазақстан намысын сондай-ақ әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева, жұптық сында рейтингте 25-орында тұрған Анна Данилина, Гөзал Айнитдинова (жекелей сын, WTA, 333-ракетка), Жанель Рүстемова (жұптық сын, WTA, 973) қорғайды. Қосымша ойыншы – Аружан Сағындықова (жекелей сын, WTA, 968).

Бәсекелер 14-15 сәуірде Астанада Ұлттық теннис орталығында арнайы жасалған топырақ төсенішінде өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button