Шетел жаңалықтары

Месси ПСЖ-ға қандай талап қоятыны белгілі болды

Лионель Месси «Пари Сен-Жерменмен» келісімшартты ұзартпас бұрын клуб басшылығына өзін қызықтырған сауалдарды қойған.  

Marca мәліметтері бойынша, 35 жастағы аргентиналық Париж клубының болашағын нақты білгісі келеді. Яғни ол бас бапкер Кристоф Галтиердің командада қалу-қалмайтынын және жазғы трансфер кезінде клуб құрамын күшейте ме, соны анықтағысы келеді.  Сондай-ақ, Леоны клуб қаржылық fair play шектеулері жағдайында өзімен келісімшартты ұзарта ма деген де сауал мазалайды екен.

Мессидің ПСЖ-дағы келісімшарты 2023 жылдың маусымында аяқталады.

Осы маусымда аргентиналық Париж клубының құрамында 22 матч өткізіп, 13 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button