Шетел жаңалықтары

Роналдудың Португалия құрамасындағы болашағы белгілі болды

Құраманың жаңа тағайындалған бас бапкері Роберто Мартинес жұлдызды футболшыға сенім артатынын мәлімдеген.

Сауд Арабиясының «Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің матчтарында Португалия құрамасының сапында өнер көрсетеді.

The Athletic басылымының хабарлауынша, 38 жастағы Роналду 23 және 26 наурызда Лихтенштейн мен Люксембургке қарсы ойындарға арналған Португалия ұлттық құрамасының тізімінде бар.

Роналдудың Португалия құрамасы үшін соңғы матчы 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының ширек финалында өтті, онда оның командасы Мароккодан 0:1 есебімен жеңілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button