Шетел жаңалықтары

Месси мансабындағы 800-голын соқты

Футболдан Аргентина ұлттық командасының шабуылшысы Лионель Месси Панама командасымен (2:0) жолдастық кездесуде гол соқты.

35 жастағы шабуылшы үшін бұл – кәсіби мансабындағы 800-голы. Клубтық мансабында («Барселона» және ПСЖ) Месси 701 рет, ұлттық команда үшін 99 гол соқты.

Лионель Месси 2005 жылдан бастап Аргентина құрамасына шақыртылды және оның ең үздік бомбардирі болып табылады. Командамен бірге ол капитан ретінде Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетті. Месси мундиальдің үздік ойыншысы атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button