Шетел жаңалықтары

Роналду жаңа рекорд орнатты

Криштиану Роналду ұлттық құрамада өткізілген матчтар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты

Португалия құрамасының 38 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрамада өткізілген матчтар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты.

Лихтенштейнге қарсы матч – Роналду үшін Португалия құрамасындағы 197-ойын. Бұған дейін ұлттық құрамадағы матчтар бойынша рекорд Бадер Әл-Мутаваға тиесілі болды, ол Кувейт құрамасында 196 ойын өткізді.

Роналду былтырғы желтоқсаннан бастап Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының намысын қолдайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button