Дзюдо

Мағжан Шамшадинге Тбилисиден қола жүлде бұйырды

Еліміздің балуаны Мағжан Шамшадин дзюдо күресінен Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды

Бұл Қазақстанның ерлер арасындағы рейтингтік турнирде алған алғашқы медалі.

Ол 60 келіге дейін салмақта күресті. Отандасымыз алғашқы айналымда Кипр балуанын иппонға түсірді. Одан кейін өзбек Камолиддин Бахтиеровтың осал тұсын тапты. Ширек финалда Грузияның жас спортшысв Георги Шардалашвилиге есе жіберіп алды. Сөйтіп, жұбаныш белдесуге мүмкіндік алды.

Жұбаныш белдесуде португалиялық Лопец Родрига Костаны вазарт әдісімен, жеңіп қола медаль үшін таласта тағы бір отандасымыз Қанат Сейілханды қапы қалдырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button