Басты

Сенсация: Қазақстан Дания құрамасын жеңді

Қазақстан құрамасы сенсациялық нәтиже тіркеді.

Футболдан ЕУРО 2024 іріктеу матчы аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Дания құрамасын жеңді.

Ұлттық құрама матч басында 0:2 есебімен жеңіліп жатқан. Дегенмен, Адиев шәкірттері жігер танытып 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Құрама сапынан Бахтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген, Абат Айымбетов гол соқты.

Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен-ді. Оның барлығында даниялық футболшылар жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы қазақстандық құрама сол кеткен есені қайтарды.

Айта кетерлігі, ойын алдында жанкүйерлерді тосынсыйлар күтіп тұрды. Қазақстан футбол федерациясы мен бас демеуші Olimpbet-тің ұйымдастыруымен жанкүйерлер аквагримерлер, сурет салу аниматорлары, стикерпарк, шағын футбол ойындарына қатысуға мүмкіндік алды. Бұл футболға деген қызығушылықты арттыруға септігін тигізетін бастама деп санаймыз.

Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді.

Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі.  Қарсыластары – Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button