шахмат

Бибисара Асаубаева Үндістандағы Гран-приде үшінші жеңісіне қол жеткізді

Шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибисара Асаубаева Үндістандағы Гран-приде үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Бесінші айналымда қазақстандық шахматшы Азия чемпионы атанған тәжірибелі жергілікті спортшы Харика Дроноваллиден басым түсті. Дроновалидің жеңісі Асаубаеваға жалпы есепте үш ұпай жинап, ағымдағы жарыста екінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Ал Гран-придің 3-кезеңінің көшбасшысы – 3,5 ұпай жинаған қытайлық Жу Цзиньэр, ол үш тең ойын және екі жеңіске жеткен.

31 наурызда Бибісара Асаубаева турнир кестесінің үшінші сатысында тұрған ресейлік Полина Шуваловамен ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button