БастыДзюдо

Нұрқанат Серікбаев Антальядағы Grand Slam-нан қола медаль алды

Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақ балуаны Нұрқанат Серікбаев қола медаль еншіледі.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, жарыстың бірінші күні Нұрқанат Серікбаев 60 келіге дейінгі салмақта жұбаныш финалында моңғолиялық Арунболд Энхатайванды ұтты.

Ол өз тобынан үздік шығып, жартылай финалға дейін жетті. Жартылай финалда Украина өкілі Дильшод Халматовқа есе жіберді.

Өз тобында Цогиточир Бямбажовты (Моңғолия), әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Ким Вон Джинді (Оңтүстік Корея) және Назир Талибовты (Әзербайжан) жеңді.

Бұл – Нұрқанат Серікбаевтың Grand Slam жарыстарындағы екінші медалі. Ол осыған дейін Ташкентте өткен әлемдік додада күміс жүлдегер атанған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button