Басқа спорт түрлері

Елжана Таниева Әлем кубогы кезеңінде 2-орын алды

Бүгін Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Елжана Таниева күміс жүлдегер атанды.

Отандасымыз лентамен өнер көрсетуде 30,900 ұпай жинап, тек өзбекстандық Тахмина Икромоваға жол берді. Ал үздік үштікті бразиялиялық Барбара Домингос түйіндеді.

Сондай-ақ Елжана Таниева ұршықпен өнер көрсетуде 5-орыннан, ал доппен жаттығуда 6-сатыдан көрінді. Айта кетелік, Болгариядағы Әлем Кубогы кезеңіне 28 елден 50-ге жуық гимнаст қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button