БастыФутбол

Қазақ футболындағы кезекті «цирк» басталды

Ұлттық құраманың кездесулерінен Қазақстан премьер-лигасы жалғасты. Өткен сенбі-жексенбіде төртінші тур ойындары өтті.

Осы турдың орталық ойыны «Астана» мен «Ордабасы» арасындағы матч болатын.  Дегенмен, ойын басталмай жатып, жанкүйерлердің көңілі су сепкендей басылды. Өйткені, әдеттегідей Шымкент командасы елордалықтармен кездесуге негізгі құрамын жартысын шығарған жоқ. Ұлттық құрама мүшелері Бауыржан Исламхан мен Сергей Малый тіпті хаттамада болмады. Команда капитаны Асхат Тағыберген қосалқы құрамда қалды. Легионерлердің арасында Петрович пен Матич те тізімге ілінбеген.

Мұндай «цирктен» кейін матчты да көргуе көбісінің құлшынысы қашып кетті. Оның үстіне, «Астана» бапкері Григорий Бабаянның туған күні екен. 43 жасқа толған бапкерді стадион дикторы өзі хабарлап, құттықтады. Мұның өзі біраз нәрсені аңғартқандай.

Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде алаң иелері екі гол соқты. Біреуі автогол. Тіпті, Мбодж деген легионер елорда командасына өзі көмектескендей болды.

Осылайш, өте күмәнді бір матч аяқталды

Батыстың командаларының үшеуі де осы турда қарсыластарына есе жіберді. Бұған дейін 3 матчта жеңіске жеткен «Ақтөбе» күтпеген жерден өз алаңында Петропавлдан келген «Қызыл-Жардан» ұтылды. Айтпақшы, кездесудің трансляциясы да болмады. Түсініксіз.

Әли Әлиев жаттықтыратын «Қызыл-Жар» 12 ұпаймен көш бастап түр. Команда құрамында жергілікті ойыншылар аз болса да, Петропавл клубының жаңа маусымдағы қарқыны қатты.

«Атырау» тіптен оңбай жеңілді. Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы жауапсыз төрт гол соқты. Алаң иелері тіптен пенальтиді сала алмады.

Мұның бәрі көптеген күмәнді ойларға жетелейді. Нақты дәлел болмаған соң, бірдеңе айту қиын.

Қазақ футболындағы осындай былықтар жалғаса берсе, еурокубокта клубтарымыз қатырмасы анық.

 

Әзірге 4 матчта бірде-бір ұпай жинамаған екі команда бар. Оның біреуі – Ақтаудың «Каспий» клубы, екінші Түркістан облысының «Мақтааралы». Екеуінің де бұл жолғы қарсыластары мықты болды дей алмаймыз.

«Каспий» Алматыда Қызылорданың «Қайсарын» қабылдаған. Күтпеген жерден Виктор Кумыков шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жетіп, үш ұпайға ие болды. Негізі «Қайсар» бапкеріне де тықыр таянған еді. Сондықтан бұл жеңіс оларға да ауадай қажет екені түсінікті.

Маусым басында үздік үштіктен көрінеміз деген «Каспийдің» жағдайы қиындап барады. Оның үстіне хорватиялық легионер Иван Пешичтің 45 миллион теңге қарызын төлей, клубқа жаңа ойыншы тіркеу салынды.

Қарсыластың алыстан беретін пастары көп болатынын білдік. Бірақ олардың стандарттары сәтті жүзеге асты. Ауттан допты қосу, бұрыштамалардың бәрін «Қайсар» футболшылары тиімді пайдаланды. Ойыншыларыма өте мұқият болуды ескерткен едім. Бірақ бәрібір де стандарттан гол жіберіп қойды. Әуедегі допқа талас кезде көп ұтылдық. Тек болары болып, бояу сіңген уақытта ғана есімізді жидық. Ол кезде бәрі кеш болатын. Негізі есеп ашылмай тұрған сәтте төреші біздің пайдамызға 11 метрлік пенальти беру керек еді. Өйткені «Қайсардың» қорғаушысының қолына доп тиіп кетті. Алайда арбитр VAR да қараған жоқ. Енді бәрін сараптап, әрбір футболшы өзінің ойынын көруі тиіс. Қазіргі басты мәселе – мінез жетіспей жатыр. Сондықтан ұпай жоқ. Түзеуіміз керек. Әйтпесе қиын болады, – дейді «Каспий» бас бапкері Кахабер Цхададзе.

Ал «Мақтаарал» Павлодарда «Ақсумен» кездескен. Басында бәрі жақсы секілді көрінген. Армениялық жартылай қорғаушы Петрос Аветисян бірінші кезеңде есеп ашып, «Мақтааралды» алға шығарған. Бірақ үзілістен кейін жағдай өзгерді. Алдымен Тони Сильва таразы басын теңестірсе, 71-минутта Мирас Тұрлыбек «Ақсуға» жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, жас шабуылшы осымен үшінші матчта нәтижелі ойынымен көзге түсіп отыр.

Ал Қарағандыда «Шахтер» мен «Қайрат», Талдықорғанда «Жетісу» мен «Тобыл» тең түсті. Екі ойында 1:1 есебімен аяқталды.

Премьер-лиганың 4-турының нәтижелері:

«Каспий» (Ақтау)  «Қайсар» (Қызылорда) 1:3
Голдар:
 Совпель, 26 (0:1). Совпель, 36 (0:2). Зульфиқаров, 54 (0:3).Залеский, 63-пенальтиден (1:3).

«Ақсу» (Павлодар) – «Мақтаарал» (Түркістан) – 2:1)
Голдар:
 Аветисян, 22 (0:1). Сильва, 51 (1:1). Тұрлыбек, 71 (2:1).

«Жетісу» (Талдықорған) – «Тобыл» (Қостанай) – 1:1
Голдар:
 Илич, 8 (0:1). Теверов, 44 (1:1).

«Шахтер» (Қарағанд) «Қайрат» (Алматы) – 1:1
Голдар: 
Каньяс, 75 (1:0). Кампо, 86-автогол (1:1).

«Актөбе» (Ақтөбе) – «Қызыл-Жар» (Петропавл) – 1:3

Голдар: Имнадзе, 38 (0:1). Пернамбуко, 55 (0:2). Қасым,70-пенальтиден (1:2). Бушман, 90-пенальтиден (1:3).

«Атырау» (Атырау) «Оқжетпес» (Көкшетау) 0:4
Голдар:
 Димитров, 43 (0:1). Гунченко, 53 (0:2). Абзалов, 63 (0:3). Брикнер, 90+1 (0:4).

«Астана» (Астана) «Ордабасы» (Шымкент) 2:0
Голдар:
 Томасов, 64 (1:0). Мбодж, 72-автогол (2:0).

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button