Басты

Тағы 4 қазақстандық теннисші әлем чемпионатына жолдама алды

Әлем чемпионаты ОАР-да 20-28 мамыр аралығында өтеді.

Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында өтетін үстел теннисінен жекелей сындағы әлем чемпионатында өнер көрсететін қазақстандықтар қатары толықты. Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) Денис Жолудев/Сағынтай Құрмамбаевтың және Зәуреш Акашева/Анастасия Лаврованың жұптық сында бақ сынайтынын хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін ұлттық құрама сапынан Кирилл Герасименко (жекелей және жұптық сында), Алан Құрманғалиев (жұптық сын), Айдос Кенжеғұлов (аралас жұптық сын), Зәуреш Акашева (аралас жұптық сын) жылдың басты бәсекесіне жолдама иеленген.

Әлем чемпионаты ОАР-да 20-28 мамыр аралығында өтеді. Осымен 57-рет ұйымдастырылатын сында 5 жүлде жиынтығы сарапқа салынады

Басқа жаңалықтар

Back to top button