Теннис

WTA: Елена Рыбакинаның рейтингтегі орны анықталды

Әйелдер теннис қауымдастығы жаңартылған рейтингті ұсынды.

Үздік үштік өзгеріссіз: әлемнің бірінші ракеткасы – польшалық Ига Швёнтек, одан кейінгі орындарды белорус Арина Соболенко мен америкалық Джессика Пегула бөлісіп тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жетінші сатыда қалған.

Естеріңізге сала кетейік, демалыс күні Рыбакина Miami Open турнирінің финалында өнер көрсетіп, чехиялық Петра Квитоваға есе жіберді. Соның арқасында Квитова екі саты жоғарылап, оныншы орынға жайғасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button