Теннис

Рыбакина ұлттық құрама сапында Билли Джин Кинг Кубогына қатысады

Құрамамыз 14-15 сәуірде Польша командасының теннисшілерімен өзара кім мықтыны анықтайды.

Қазақстанның бірінші және әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина ұлттық құрама сапында Астанада өтетін Билли Джин Кинг Кубогы (Billie Jean King Cup) үшін іріктеу кезеңіне қатысады.

Құрамамыз 14-15 сәуірде Польша командасының теннисшілерімен өзара кім мықтыны анықтайды. Турнирде Рыбакинамен қатар Юлия Путинцева, Анна Данилина, Гозаль Айнитдинова мен Жанель Рүстемова бақ сынайды. Қосалқы құрамда Аружан Сағындықова бар.

Айта кетейік, Билли Джин Кинг Кубогы – ұлттық құрама тұрақты түрде қатысатын әйелдер арасындағы ең ірі халықаралық командалық теннис жарысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button