Шетел жаңалықтары

Альварес 2023 жылға басты жоспарын айтты

Сауль Альварес реванш өткізуге ниет білдірді.

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес жеңілмеген ресейлік Дмитрий Биволмен реванш өткізуге ниет білдірді.

«Менің 2023 жылға арналған мақсатым Дмитрий Биволмен реванш өткізу екенін бәрі біледі. Қалай болатынын көрейік, бірақ мақсатым осы. Бәрі Биволмен айқас мен үшін оңай болады деп айтты, бірақ не болғанын көрдіңіздер. Бокста әр қарсылас қауіпті», – дейді Альварес BoxingScene басылымына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ресейлік «Канелоны» жеңіп, WBA Super нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белбеуін қорғады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button