Шетел жаңалықтары

АҚШ-тағы бокс кеші сенсациямен аяқталды

Айқас 12 раундқа есептелген еді.

АҚШ-тың Карсон қаласында өткен (Калифорния) жергілікті 25 жастағы Себастьян Фундора (20-1-1, 13 KO) мен 29 жастағы Брайан Мендоза (22-2, 16 KO) арасындағы жекпе-жек сенсациямен аяқталды.

Жекпе-жек бірінші орташа салмақ шегінде өтті және 12 раундқа есептелген еді, алайда жетінші раундта ауыр соққылар жіберіп алған Фундора нокаутқа түсті.

Негізі бұл айқаста Себастьян айқын фаворит болған. Оның үстіне, жекпе-жекті де сенімді бастады. Дегенмен жетінші раундта қарсыласының соққыларына төтеп бере алмай қалды. Осылайша Фундора бірінші орта салмақта WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атағынан айырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button