Шетел жаңалықтары

Ауыр салмақта әлемнің үздік боксшыларының рейтингі жарияланды

The Ring бокс басылымы ең ауыр салмақтағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

The Ring чемпионы атағы WBA, WBO және IBF титулдарының иесі Александр Усикте қалды. Рейтингте бірінші орында WBC чемпионы Тайсон Фьюри тұр. Екінші орынға Деонтей Уайлдер, үшінші орынға Энтони Джошуа жайғасқан.

Сонымен қатар үздік бестікке Джо Джойс пен Энди Руис кірді.

Айта кетейік, тізімде тоғызыншы орында Astana Arlans-тың бұрынғы боксшысы Филип Хргович тұр.

Александр Усик – чемпион

1. Тайсон Фьюри

2. Деонтей Уайлдер

3. Энтони Джошуа

4. Джо Джойс

5. Энди Руис

6. Диллиан Уайт

7. Луис Ортис

8. Джозеф Паркер

9. Филип Хргович

10. Фрэнк Санчес.

Басқа жаңалықтар

Back to top button