Шетел жаңалықтары

Хамзат Чимаев UFC чемпионымен жекпе-жекке шығуға ниетті

UFC-де Швецияның атынан өнер көрсетіп жүрген шешен спортшысы Хамзат Чимаев Исраэль Адесаньямен жекпе-жекке шығуға ниетті.

Жаңа Зеландия өкілі бүгін ғана орта салмақта чемпион атағын қайтарып алды. Майамиде (Флорида, США) өткен UFC 287 турнирінің басты айқасында Адесанья екінші раундта бразилиялық Алекс Перейраны ұтып, 2022 жылғы қарашада кеткен есесін қайтарды.

«Құттықтаймын, Исраэль Адесанья! Жақында кездесеміз. Менің уақытым келді, Дана Уайт», – деп жазды Хамзат Twitter-де.

Басқа жаңалықтар

Back to top button