Теннис

Ярослава Шведова Польшамен кездесу туралы айтты

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова мен команда мүшесі Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында Польшамен өтетін матч қарсаңында өз ой-пікірлерін бөлісті.

Я.Шведованың айтуынша, 14-15 сәуірде Астанада болатын Қазақстан – Польша матчының маңызы зор.

«Ел намысын қорғау үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдын ала жеңеміз деп болжам жасау мүмкін емес. Қарсылас команданың құрамы қандай болатынына қарамастан, тастүйін әзірленудеміз. Екі жыл қатарынан елордада өнер көрсететінімізге қуаныштымыз және өткен жылғы нәтижені қайталағымыз келеді. Қыздардың көңіл-күйі көтеріңкі, кортқа үйреніп, ойындарға дайындалуда. Жас теннисшілер ойнайды ма? деген сауалға келсек, ең алдымен күштілерді қосамыз, егер үш бәсекенің қорытындысы бойынша мәселе шешілсе, онда олардың бабына қараймыз. Бізде бәрі де жекелей және жұптық сында кортқа шығуға әзірленуде», деді Я.Шведова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button