Бокс
Головкин мен Мунгия жекпе-жегі өте ме
Бір сұхбатында Хирн GGG-дің Мунгиямен жекпе-жекке шыққанын қалайтынын айтып еді
Sportskeeda.com сайты промоутер Эдди Хирннің Геннадий Головкин мен Хайме Мунгия арасында жекпе-жек өтсе, бұл шынымен де қызықты оқиға болар еді деген пікірімен келісіп отыр.
Бір сұхбатында Хирн GGG-дің Мунгиямен жекпе-жекке шыққанын қалайтынын айтып еді.
– Егер бәрі Эдди Хирнге байланысты болса, Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы Хайме Мунгия болар еді. 26 жастағы жауынгер GGG үшін қиын қарсыластың бірі. 41-0 деген кәсіби рекорды бар Мунгия бұрын Головкинді айқасқа шақырған. Өкінішке қарай, бұл жекпе-жек өтпей қалды. Себебі Головкин «Канелодан» жеңілді. Сөйте тұра Эдди Хирн әлі күнге дейін Мунгия мен Головкин арасындағы кездесу өтуі мүмкін екендігіне сенеді, – делінген басылымда.