Теннис

Рыбакина Қазақстан құрамасын Билли Джин Кинг кубогының финалына алып шықты

Астанадағы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан - Польша матчында еліміздің бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина қарсыласын ұтты.

Кездесудің алғашқы матчында Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Магда Линетті 6-4, 6-2 есебімен жеңді.

Кешегі күннің қорытындысы бойынша кездесудегі есеп біздің құраманың пайдасына 2:0 болды. Осылайша, Елена Рыбакинаның жеңісі Қазақстан құрамасына турнирдің финалдық кезеңіне мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік берді.

Матчтан соң Елена Рыбакина барлық жанкүйерлер мен командасына алғысын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button