Теннис

Голубев Босниядағы турнирдің финалына шықты

Ширек финалда Голубев/Молчанов дуэті А.Гейеранссон (Швеция)/Б.Маклахлан (Жапония) жұбын 6:3, 6:1 есебімен жеңді

Баня-Лукте қаласында украиналық Денис Молчановпен жұптасып өнер көрсетіп жатқан қазақстандық Андрей Голубев АТР 250 сериялы турнирінің жартылай финалына шықты.

Ширек финалда Голубев/Молчанов дуэті А.Гейеранссон (Швеция)/Б.Маклахлан (Жапония) жұбын 6:3, 6:1 есебімен жеңді.

Турнирдің финалына шығу үшін Андрей мен Денис Д.Марреймен/М.Винус – Г.Эскобар/Д.Идальго жұптарының қай жеңгенімен ойнайды.

Баня-Лук қаласында тағы бір қазақстандық Александр Недовесов португалиялық Франсиско Кабралмен жұптасып Хорватиядан келген Иван мен Матей Шабановтарды екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Ширек финалда қазақ-португал дуэті француздар Думбия/Ребульмен өзара кім мықтыны анықтайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button