Шетел жаңалықтары

Роналду Сауд Арабиясынан қуылуы мүмкін

Бұған Роналдудың «Әл-Насрдың» матчында бейәдеп қылық көрсетуі себеп

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдудың басы дауға қалды.  

Бұған Роналдудың «Әл-Насрдың» матчында бейәдеп қылық көрсетуі себеп. Ойын соңында португалиялықтың өнеріне көңілі толмаған жанкүйерлер оның басты қарсыласы Лионель Мессидің атын айтып ұрандатты. Соған ашуланған Роналду әдепсіз қылықпен жауап қатты.

Енді сол әрекеті қоғамда қызу талқыланып жатыр. Тіпті адвокат Назиф бин Ахмед футболшының үстінен Сауд Арабиясының прокуратурасына шағымданбақ. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды. Адвокат Роналдуды ерсі әрекеті үшін елден қууды талап етпек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button